Індет өршіген тұста өзге аурумен ауыратын науқастар назарсыз қалмауы тиіс. Мемлекет басшысы да коронавирустан басқа ауруларға жоспарлы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттігін тапсырып еді. Әсіресе, онкологиялық, кардиологиялық, пульмонологиялық ауруларға жіті көңіл бөлінуі тиіс.
Бүкіл әлемді жайлаған коронавирус індеті біздің елді де тысқары қалдырған жоқ. Қауіпті дертпен күрес қазір тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр. Дей тұрғанмен, басқа да ауру түрлерімен ауруханаға түсіп жатқандар аз емес. № 2-інші балалар ауруханасының қабылдау бөліміне соматикалық, гематологиялық, кардиологиялық, индокринді аурулармен күніне 100 шақты кішкентай науқас келеді екен. Олардың 70 пайызы ауруханаға жатқызылады.
НАЗГҮЛ АСАНОВА
№ 2 ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ЕМДЕУ ІСІ БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ
«Жүрек қан тамырлары аурулары, туа пайда болған ақаулардың ішінде әсіресе, бірінші орын алатын ол неврологиялық аурулар. Яғни эпилепсия, судорожный синдром, олардың бәрі бізге шұғыл түрде хабарласады. Гематологиялық, кардиологиялық, индокринді, қантты диабетпен тұратын науқастар өте көп. Олардың бәрі уақытылы дәрі-дәрмек алып отыруға міндетті».
Ал гематология бөліміне жатқызылатын кішкентай бүлдіршіндерге геморрагиялық васкулит, иммундық тромбоцитопения, гемалитикалық қан аздық сияқты диагноз қойылады. Олар емге мұқтаж болып түседі. Бөлімде қазір 18 бала ем қабылдауда.
ҰЛЖАЛҒАС ӨСКЕНБАЕВА
№ 2 ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ГЕМАТОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
(аударма) «Онкологиялық, гематологиялық аурулары бар науқастар келіп жатады. Оларды емдеу, диагноз қою дер кезінде жасалуы керек. 25 төсек орны бар. Күніне 1-2 бала түседі. Мұндағы науқастарға алғашқы сатыдағы лейкоз, геморрагиялық васкулит деген диагноз қойылады».
Бүгінгі таңда вирусты инфекциядан кейінгі екінші орынға бүйрек аурулары шықты дейді дәрігерлер. Жалпы бүйрек патологиясының 20 пайызын гломерулярлық аурулар құрайды. Олардың арты бүйректің созылмалы ауруларына алып келеді. Соматикалық аурумен ауыратындарға әрдайым ерекше көңіл бөлу керек екен.
СӘУЛЕ АЛПЫСБАЕВА
ПЕДИАТР-НЕФРОЛОГ
«Қазіргі таңда эпидемиялық жағдайды ескере отырып айтатыным, соматикалық аурулар аздап шеттетіліп қалды. Бұл аурумен ауыратын балалар шұғыл емді қажет етеді, олардың арасында жоспарлы түрде емделетіндер бар. Бүйрек ауруларына келетін болсақ, несеп шығару жолдарының инфекциясын емдеуге жіті назар аударған жөн. Ол түбегейлі емделуді қажет етеді. Бұл науқастарды қазіргі ауыр індеттен сақтау керек».
Ауруханада сондай-ақ, медициналық университеттің профессор-доценттері жұмыс істейді. Олар дәрігерлерге консультативті кеңес беріп, науқастардың аман-есен үйіне оралуына барын салып жатыр.
Сая Меңдеке, Мейрам Исабеков, «Алматы» телеарнасы.
Пациенты с другими заболеваниями не должны оставаться без присмотра во время вспышки. Глава государства также поручил обеспечить доступность плановой медицинской помощи при других заболеваниях, помимо коронавируса. Особое внимание следует уделить онкологическим, кардиологическим и пульмонологическим заболеваниям.
Эпидемия коронавирусной инфекции, распространившаяся по миру, не оставила без внимания нашу страну. Борьба с этой опасной болезнью сейчас ведется на должном уровне. Однако многие люди госпитализируются с другими заболеваниями. Около 100 маленьких пациентов с соматическими, гематологическими, кардиологическими и эндокринными заболеваниями ежедневно приходят в приемное отделение 2-й детской больницы. 70% из них госпитализированы.
НАЗГУЛЬ АСАНОВА – ЗАМЕСТИТЕЛЬ ГЛАВНОГО ВРАЧА ПО ЛЕЧЕНИЮ 2 ГОРОДСКОЙ ДЕТСКОЙ КЛИНИЧЕСКОЙ БОЛЬНИЦЫ:
«Сердечно-сосудистые заболевания, особенно неврологические, – самые распространенные врожденные пороки развития. То есть эпилепсия, судорожный синдром, все сразу обращаются к нам. Много больных гематологическим, кардиологическим, эндокринным, сахарным диабетом. Все они обязаны своевременно получать лекарства ».
У детей раннего возраста, поступающих в гематологическое отделение, диагностируют геморрагический васкулит, иммунную тромбоцитопению, гемолитическую анемию. Им нужно лечение. В настоящее время в отделении проходят лечение 18 детей.
УЛЖАЛГАС УСКЕНБАЕВА
– НАЧАЛЬНИК ГЕМАТОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ 2 ГОРОДСКОЙ ДЕТСКОЙ КЛИНИЧЕСКОЙ БОЛЬНИЦЫ:
(перевод) «Приезжают больные с онкологическими и гематологическими заболеваниями. Их лечение и диагностика должны быть своевременными. Всего 25 коек. В день бывает 1-2 ребенка. У больных здесь диагностируют первичный лейкоз, геморрагический васкулит.
Сегодня врачи говорят, что болезнь почек – вторая по частоте причина вирусных инфекций. Гломерулярные заболевания составляют 20% всех патологий почек. Их спина приводит к хроническому заболеванию почек. Особое внимание всегда следует уделять пациентам с соматическими заболеваниями.
САУЛЕ АЛПЫСБАЕВА
-педиатр-нефролог:
«В настоящее время, учитывая эпидемическую ситуацию, могу сказать, что соматические заболевания ликвидированы. Детям с этим заболеванием необходимо срочное лечение, в том числе и тем, кто лечится в плановом порядке. При заболеваниях почек особое внимание следует уделять лечению инфекций мочевыводящих путей. Требуется радикальное лечение. Этих пациентов необходимо защитить от нынешней эпидемии ».