Бүгін, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында сенбілік өтті.
Іс-шараға аурухананың директоры М.Р. Рабандияров бастаған аурухана ұжымы қатысты. Бірлескен күш-жігердің арқасында мекеменің барлық аумағы ретке келтірілді: қоқыстардан тазартылды, шөп шабылды, қоршау сырланды.
Сенбілік туған қаламыздың тазалығы мен көркейтуіне қосқан үлес қана емес, бейбіт өмір мен жарқын болашақ сыйлаған батырларды еске алудың көрінісі болды.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында сенбілік өтті.