Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде №2 Алматы қалалық балалар клиникалық ауруханасының базасында гемофилиямен өмір сүретін балалар мен олардың ата-аналары/қамқоршылары үшін іс-шара өтті.
Бұл іс-шара Алматыда 2025 жылдың 21 наурызы мен 19 сәуірі аралығында өткен және Дүниежүзілік гемофилия күніне (17 сәуір) орайластырылған «Үміт түсі» әлеуметтік-ағарту жобасы аясында өткізілді.
Жобаның мақсаты халықтың гемофилия туралы хабардар болу деңгейін арттыру және осы сирек кездесетін аурумен өмір сүретін адамдарға төзімділікті қалыптастыру болды.
№2 БҚКА базасындағы іс-шараға мастер-класстар өткізу, анимациялық фильм көрсету, аниматорлармен ашық ойындар, суреттердің шағын көрмесі, жұмбақтар және естелік сыйлықтар табыстау кірді.
Бастама гемофилиямен ауыратын балалар үшін жайлы, жылы және қолдау атмосферасын құруға бағытталған.
Іс – шараның негізгі мақсаттары мен міндеттері-осы аурумен ауыратын балаларды моральдық қолдау, шығармашылық кеңістік пен ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастыру.
Ұйымдастырушылар гемофилиямен ауыратын науқастар қауымдастығы және Алматы қ. №2 БҚКА еріктілері болып табылады.
«ҮМІТ ТҮСІ»