2026 жылғы 28 мамыр күні Алматы қаласының №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасында Балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ балалар көзімен» атты сурет байқауы өтті.
Шығармашылық шараға №2 БҚКА-ның түрлі бөлімшелерінде ем алып жатқан кішкентай пациенттер қатысты. Байқауға барлығы 29 бала қатысып, өздерінің қиялы мен армандарын бейнелеген жарқын әрі әсерлі суреттерін ұсынды.
Балалар шығармашылық қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, ауруханадағы күнделікті өмірден бір сәтке алыстап, көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды эмоция сыйлаған мерекелік атмосферада уақыт өткізді.
Байқауға қатысқан барлық балалар естелік сыйлықтармен және ынталандыру жүлделерімен марапатталды. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды. Балаларға марапаттарды №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасының директоры Марат Рабандияров табыс етті.
Медицина қызметкерлерінің қамқорлығы мен ықыласының арқасында бұл күні аурухана қабырғасында ерекше жылы әрі қуанышты атмосфера қалыптасып, балаларға шаттық сыйлап, бақытты балалық шақтың жарқын сәттерін сезінуге мүмкіндік берілді.