Ағымдағы жылдың 26 мамырында Алматы қаласындағы №2 Қалалық балалар клиникалық ауруханасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ұйымдастыруымен «Дәрігерге рахмет – балалардың көзімен!» атты пациенттер арасында челлендж аясында «Денсаулық – бақыт» тақырыбында балалар сурет байқауы өтті.
Аурухананың кішкентай емделушілері өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, жарысып, уақыттарын қызықты өткізіп қана қоймай, сонымен қатар өздерінің жасаған туындылары арқылы алғыс сезімін білдіріп, сүйікті дәрігерлеріне «Рахмет» айта білді!
Сайысқа 21 бала қатысты. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді, ешкім назардан тыс қалмады. Бірақ кез келген байқау сияқты, үш жүлделі орынға ие болған жеңімпаздар анықталды, әр орынға екі жүлделі орын берілді.
Жеңімпаздарға сыйлықтарды аурухана әкімшілігі атынан директордың экономикалық және әкімшілік қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Н.Б. Ердембеков. және директордың медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Б.А. Әбдіғалық табыстады.
Медицина қызметкерлері бірер сағат болса да балаларға жағымды атмосфераны қалыптастырып, мерекелік көңіл-күй сыйлай білді.
«Дәрігерге рахмет – балалардың көзімен!» ⛑️👩❤️👨