Алматыдағы №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы балалардың спастикалық ауруын азайтуға бағытталған оталарды сәтті орындауда. - №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы
 
Пациенттерге көмек көрсету

Алматыдағы №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы балалардың спастикалық ауруын азайтуға бағытталған оталарды сәтті орындауда.

Поделиться этой новостью:
ЗАМАНАУИ НЕЙРОХУРГИЯ:
Алматыдағы №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы балалардың спастикалық ауруын азайтуға бағытталған оталарды сәтті орындауда.
СЕЛЕКТИВТІ ДОРСАЛЬДЫ РИЗОТОМИЯ (СДР) – өмірді өзгертетін операциялардың бірі.
Церебральды сал ауруымен ауыратын көптеген балалар үшін ұзақ жылдар бойы өмір бұлшық еттердің тұрақты кернеуімен, еркін жүру немесе тіпті отыра алмаумен байланысты. Олардың қозғалыстары алға қадам жасауға кедергі келтіретін көрінбейтін тізбектер сияқты спастициямен шектеледі.
Міне, осы жерде заманауи нейрохирургия көмекке келеді.
Бес жылдан бері Алматы қаласындағы №2 БҚКА -да нейрохирургтер, невропатолог-нейрофизиологтар, анестезиолог- реабилитологтар және медбикелер тобы балалардағы спастикалық синдромды азайту операциясы – Селективті Дорсальді Ризотомияны сәтті орындап келеді.
Операция кезінде нейрохирургтар мен нейрофизиологтан құралған операциялық бригада жүйке жүйесін «бейімдейді», арнайы әдістердің көмегімен олар жұлын түбірлерін анықтайды, патологиялық сигналдарды беретіндерін табады.
Нәтижесінде спастиктік азаяды, бұлшықеттер еркін жұмыс істей алады, қалпына келтіру потенциалы айтарлықтай артады.
Бірақ бұл бастамасы ғана. Операциядан кейін бала ауыр және ұзақ оңалту процесіне тап болады: күнделікті жаттығулар, физиотерапия және ортопедия. Бұл жерде қозғалыстың жаңа тәжірибелері туады: аяқты біркелкі орналастыру, сенімдірек тұру және әдеттегі қарсылықсыз алғашқы қадамдарды жасау.
Селективті дорсальды ризотомия сиқырлы таяқша емес. Бұл аурудың барлық белгілерін жоймайды немесе бір түнде денсаулықты қалпына келтірмейді.
Бірақ ол ең маңызды нәрсені ұсынады – мүмкіндік. Баланың қимыл-қозғалысында оң өзгерістер болуына мүмкіндік береді.

Алматыдағы №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы балалардың спастикалық ауруын азайтуға бағытталған оталарды сәтті орындауда.