📅 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік маңызы бар аурулардың жаңартылған тізімі күшіне енеді. Бұл тізімге келесі аурулар кіреді:
• туберкулез 🦠
• адамның иммун тапшылығы вирусы 🧬
• созылмалы вирусты гепатиттер және бауыр циррозы 🫀
• қатерлі ісіктер 🎗️
• психикалық және мінез-құлық ауытқушылықтары 🧠
• жедел миокард инфаркті (алғашқы 6 ай) ❤️
• жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары 🧠
• орталық жүйке жүйесінің аурулары
• сирек кездесетін, яғни орфандық аурулар
• эпилепсия ⚡
• цереброваскулярлық аурулар (1 жыл көлемінде)
❗️Бұл тізімге енген аурулары бар пациенттер дәрігерлік бақылауды, дәрілік препараттарды, зертханалық талдауларды тегін, яғни мемлекет тарапынан көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында алады.

