2026 жылдан бастап сақтандыру статусы 6 айға дейін сақталады - №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы
 
Пациенттерге көмек көрсету

2026 жылдан бастап сақтандыру статусы 6 айға дейін сақталады

Поделиться этой новостью:
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесіне кемінде 5 жыл тұрақты жарна төлеген азаматтар төлем уақытша тоқтаған жағдайда да 6 ай бойы сақтандырылған мәртебесін сақтай алады.
Бұл өзгеріс:
— жұмысынан айырылғанда
— уақытша табыссыз қалған кезде
— қаржылық қиындық туындаса
Бұған дейін сақтандыру статусы төлем тоқтағаннан кейін тек 3 айға ғана сақталатын. Енді жүйеге ұзақ уақыт қатысқан азаматтар медициналық көмекті МӘМС аясында үздіксіз ала алады
Табысы қайта қалпына келген соң төленбей қалған айлар үшін берешекті өтеу қажет.
Төлемді дербес төлеуші ретінде жүргізуге болады.
2026 жылы ай сайынғы жарна мөлшері — 4 250 теңге 💳
Айта кетейік, төлем тоқтаған жағдайда 3 ай бойы мәртебені сақтау нормасы бұрынғыдай барлық азаматтар үшін қолданыста қалады 📌
2026 жылдан бастап сақтандыру статусы 6 айға дейін сақталады