Бүгін Қазақстан Парламенті Сенатының, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, “AMANAT” партиясының және ядролық физика институтының өкілдері Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша алдағы республикалық референдумға түсініктеме беру мақсатында Алматы қаласының №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасына келді.Аурухана ұжымымен кездесуде ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ниязова Нұрия Исмагилқызы, Асадова Жанна Бейсентайқызы; Алматы қаласы мәслихатының депутаты Проценко Игорь Александрович; Ядролық физика институты бас инженерінің орынбасары Бекбаев Асхат Каусович, “AMANAT” партиясы Орталық аудандық филиалының төрағасы Ордабаева Найля Алтынбекқызы сөз сөйледі.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президентінің шешіміне сәйкес елімізде атом электр станциясын салу мәселесі жалпыұлттық референдум арқылы шешілетін болады.Қойылатын сұрақ: “Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салу құрылысымен келісесіз бе?».Референдум 2024 жылдың 6 қазанында өтеді.
АЭС бойынша жалпыұлттық референдум