Балалардағы сирек кездесетін жүйке-бұлшықет және жүйке жүйесінің аутоиммунды аурулары - №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы
 
Стационар работает круглосуточно Пациенттерге көмек көрсету

Балалардағы сирек кездесетін жүйке-бұлшықет және жүйке жүйесінің аутоиммунды аурулары

Поделиться этой новостью:
Алматыда (16-17 мамыр) «Балалардағы сирек кездесетін жүйке-бұлшықет және жүйке жүйесінің аутоиммунды аурулары» халықаралық қатысуымен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.
Оған жетекші қазақстандық мамандар мен Польша, Түркия, Ресей, Грузия елдерінен келген шетелдік спикерлер қатысуда. Конференция аясында тақырыптық симпозиумдар, практикалық және оқу сессиялары өткізіледі. Балалардағы жүйке-бұлшықет, аутоиммундық ауруларды диагностикалау, емдеу және мультидисциплинарлы басқару және тұқым қуалайтын аурулардың алдын-алу мәселелері кеңінен талқыланады.
Конференцияға қатысушылар арасында балалар неврологтары, педиатрлар, инфекционистер, жалпы тәжірибе дәрігерлері, кардиологтар, реабилитологтар, медициналық генетиктер бар, олар практикалық медицина саласында жаңа білім алуға, тәжірибе және идеялармен алмасуға мүмкіндік алды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Алматы қаласының №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы, «Балалар неврологтары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, Қазақстан-Ресей медицина университеті, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Балалардағы сирек кездесетін жүйке-бұлшықет және жүйке жүйесінің аутоиммунды аурулары